АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қызметтік көлікте әйелді босандырып алды[:]

[:kz]

Жамбыл облысында орналасқан полиция департаментінің күзет полициясына тиесілі батальонның қызметкері жолда әйелді босандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тамыздың екінші жұлдызында Сәлімбаевтар отбасы Қордайда орналасқан перзентханаға бара жатқан. «Алматы-Ташкент» көшесінің 183-і километрінде көлік бұзылып, ерлі-зайыптылар жол ортасында тоқтауға мәжбүр болады. Көмекке күзет полицисының аға лейтенанты Т. Сейімбетов пен Б. Наурызбаев келеді. Екеуі қызметтік көлікке жұбайларды отырғызып, перзентханаға қарай жолға шығады. Бірақ перзентханаға жеткенше әйелдің толғағы қысып, көліктің салонында ұл бала дүниеге келеді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бала мен ананы перзентханаға алып кетті. 

[:]