АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды[:]

[:kz]

Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала аман-сау табылып ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шкі істер министрлігі ұлттық ұланның әскери қызметшілері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар, құнды заттар да табылған. 

 

«27 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Байзақ ауылында 5513 әскери бөлімі қызметкерлері патруль кезінде қатардағы әскер Н.Ж. Сақтапберген шамамен 2 жасар баланы байқап қалады. Қасында ата-анасы болмаған. Іздеу шарасы нәтижесінде баланың ата-анасы табылып, аман-есен тапсырылды», — деді делінген хабарламада.

Өз кезегінде баланың ата-анасы әскерилерге алғысын білдірген.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұрғанын айтқан.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша, оқиға орнына ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1086 адам тұрады. Жарылыс кезінде олардың 710-ы облыс орталығына эвакуацияланған.

Жалпы оқ-дәрі қоймасындағы өрттің кесірінен база аумағында оннан астам жарылыс болған.

[:]