[:kz]
Финляндияда жаңа туылған балаға үлкен қорап ретінде сыйлық береді.
Психолог, трэвел блогер Динара Болат өзге ел мен Қазақстандағы перинаталды орталықтардың сапасын салыстырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзге елде жаңа босанған аналарға жоғары сапада қызмет түрлері ұсынылатынын атап өтті. Сонымен қатар блогер біздің биліктің әйел қауымына деген құрметі төмендігін баса айтты.
«Оңтүстік Кореяда жаңа босанған келіншектерді үкімет есебінен баласымен бірге санаторияға жібереді екен. Біздегі қырық күн сол санаторияда өтеді. Нәрестені медбикелер бағады. Анасына емізуге, құшақтауға береді. Санаторияда босанған келіншек денсаулығы, психологиялық жағдайы ретке келуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Біздің қырық күнімізбен салыстырып, жыламай-ақ қояйын.
Финляндияда жаңа туылған балаға үлкен қорап ретінде сыйлық береді. Ішінде комбинезонға дейін киіммен бірге анасына бюстгалтер, әкесіне «презервативке» дейін бар.
Шотландияда қыз-келіншектерді ай сайын тегін прокладкалармен қамтамасыз ету туралы заңға қол қойылды. Ғажапстан!», — деп өзге елдің медициналық қызметін жіпке тізген ол, әрі қарай жаңа босанған келіншектерді ешкімнің мазаламауын өтінді. Қоғамдық орындардағы ана мен сәбиге арналған орындардың аздың ететінін де қозғады.
«Мұны неге жазып отырмын. Бізде билік тарапынан қызға, анаға деген құрмет төмен. Біздің қоғамдық орындарда бала мен анаға арналған бөлмелер өте аз. Аймақтарда жоқтың қасы. Ең болмағанда унитазға төсейтін төсеніш те жоқ. Жылап жатқан баласын қолына ұстап, өзі унитаздың үстіне аяғымен тұрып қиналған аналарды бірнеше рет көрдім. Қорлықты елестетіп көріңіз.
Жарайды, үкімет өскенше біраз бар. Бірақ үйіңізде бой жетіп келе жатқан қызға, босанған келін, келіншекке жанындағы сіз бен біздің жанымыз ашуы керек.
Үйдегі қыз болсын, табысы жоқ, босанған ана болсын не үшін екенін сұрамай ақша беріп тұру керек. Жаңа босанған келіншектің мазасын алмай, жұмсамай, қонақ күттірмей жағдайын жасау керек. Бұрынғы енелер келінді босанғанға дейін де, босанғаннан кейін де күткен. Қазір қалжаны ұмытқан да шығар. Бірақ, ең болмағанда, ананың мазасын алмайық. Біздің қоғамда Әйел баласына жан-жақты қолдау керек. Бір-бірімізге жанашыр болайықшы!», — деп ашынды ол Instagram-парақшасына жариялаған жазбасында.
[:]