[:kz]
Осыған дейін ПТР анықтамасымен келу тек шетелдік азаматтарға міндеттелсе, енді бұл ереже шетелден келетін барлық адамдарға қатысты болмақ.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантиндік шектеулер туралы қаулыға өзгеріс енгізді.
Жаңа ереже бойынша ПТР теріс нәтижесі бар анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесіне отырғызылмайды. Осылайша шетелден Қазақстанға келетін рейстерге қатаң шектеу қойылды.
Осыған дейін ПТР анықтамасымен келу тек шетелдік азаматтарға міндеттелсе, енді бұл ереже шетелден келетін барлық адамдарға қатысты болмақ. Әдеттегідей анықтама үш күнге ғана жарамды.
«Карантиндік шараларды күшейту туралы шешімдерді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды босаңсыту туралы шешімді қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдайды», — делінген қаулыда.
[:]