АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жаңа парламентте комунистік партия болмауы керек» — Мұхтар Тайжан[:]

[:kz]

 

 

Белгілі саясаткер, Ұлттық кеңестің белсенді мүшесі Мұхтар Тайжанның Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинмен кездескені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саясаткердің айтуынша, Мәжіліс төрағасы елге белгілі біраз адамдардың басын қосып кеңес өткізген. Жиында экономика, несие, жер тағдыры секілді жайттар талқыланған.

«Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мырзамен бүгін 3,5 сағат бойы (!) елдің жағдайын талқыладық.
Экономика, несиелер, депутаттық корпусті жаңарту туралы, саяси және экономикалық реформа жайлы, әкімдердің сайлауы жайлы, жайылым жерлер туралы, жеке тұлғалардың банкротттығы жайлы, тб», — деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар, ол жиында біраз мәселе көтергенін жазыпты. 
«Мен көтерген мәселелер:

— жаңа Жер кодексі керек екенін айттым,мораторийдің аяқталуына 1 жыл ғана қалып отыр,
— депутаттардың тең жартысы мажоритарлық жүйемен сайлану керек,
— әкімдер сайланатын уақыт келді,
— жаңа парламентте комунистік партия болмауы керек,
— экономикалық дағдарыстан қалай шығамыз,
— әр адам айтқан сөзіне жауапты болуы керек», — деп атап өткен. 
 

[:]