[:kz]
Атырау облысы перинаталдық орталығындағы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты тергеу ісінің мән-жайы белгілі болды. Перзентхананың бас дәрігері адам өлтірді деген күдікпен тұтқындалды. Бұл туралы«Ақ Жайыққа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
29 қыркүйек күні болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2- бөлімі 3 және 7-тармақтары бойынша қозғалды.
Дәрігердің тұтқындалғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдола хабарлады.
Белгілі болғандай, ақ халаттылар тіршілік белгілерін көрсетпеген нәрестені «өлі» деп рәсімдепті.
Алайда, акушер-гинеколог баланы тоңазытқыш камерасына апарғанда нәрестенің аяғы қимылдағанын көреді. Ары қарай қандай әрекетке барарын білмеген ол бас дәрігерге хабарласады. Ал перзентхананың бас дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа қалдырып кету керектігін айтады.
Бұл қылмысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері бас дәрігердің ұялы телефонындағы қоңырауларды тыңдау арқылы ашып отыр.
Ал ақ халаттының ұялы телефоны «пара берді» деген күдікке ілінгеннен кейін «тыңдала» бастаған.
Медциина қызметкеріне қатысты айыптауларға жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрайымы Мәншүк Аймұрзиева тергеу ісінде құқық қорғау органдарының объективтілігіне үміт артатынын айтты.
[:]