[:kz]
Пәкістанда жаңа түскен келін (күштеп тұрмысқа шыққан) жаңа отбасының 15 мүшесін улап өлтірді. Ол сүтке у қосып берген, — деп хабарлайды Daily Pakistan.
Оқиға Пенджаб провинциясында болған. Асия есімді қызды Амжада Лашари деген жігітке еркіне қарсы тұрмысқа берген.
Өз үйіне қайтып барғысы келген кезде оның ата-анасы кіргізбей тастаған. Сол кезде пәкістандық қыз арам пиғылды жоспар ойластырған: ол сүтке у қосқан.
Алайда оны күйеуі ішуден бас тартқан. Кейінірек Асияның енесі сүтте у барын білмей ласси (йогурт тектес сусын) жасаған. Сусынды 27 адам ішкен, оның 15-і қайтыс болған. Қалғандары ауыр халде ауруханаға жатыр.
Полиция Асияны қамауға алды.
Кейінірек осы оқиғаға жас келіннің сүйгені, яғни басқа бір жігіттің қатысы бары анықталды. Ер адамды да полицейлер қамауға алды.
[:]