[:kz]
Әлеуметтік желіде жаңа түскен келінге ағылшын тілінде бата берген әйелдің видеосы тарады. Шет тілінде еркін сөйлеп, ерекше бата берген анаға ел таңдай қақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Желі қолданушыларының езуіне күлкі үйірген видеодан жаңа түскен келіннің отқа май құю рәсімін көруге болады. Ал келінге ырымдап отқа май құйғызған ақ жаулықты ана 40 жыл ағылшын тілінен сабақ бергенін айтып, босаға аттаған бойжеткенге ақ тілегін жаудырды.
«Мен ағылшын тілінен 40 жыл мұғалім болдым. Мен оның да (күйеу жігітті нұсқайды — ред.) мұғалімі болдым. Менің жолымды берсін. Саған зор денсаулық, бақыт және үбірлі-шүбірлі болуыңды тілеймін. Ұл-қыздарың көп болсын. Бақытты болыңдар. Өсіп өн, адал келін бол осы үйге», — дейді ол. Видеоны көрген желі қолданушылары ағылшын тілінде бата берген әйелге таңғалысын жасырмады. «Келінді ағылшынша көндіріп алдыңыз ғой, «Анамыз, жарайсыз», «Апам нағыз ене болатын кісі екен», «Заманауи әже екен», — деп пікір жазды видеоға желі қолданушылары.
[:]