[:kz]
ІІМ өкілінің айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, бекітті. Онда ломбардта заттарды сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды анықтау тәртіптері көрсетілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтық ұйымдар микронесиелеу ұйымдарына санатына жатқызылады. Осы қағидаларға сай, ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Ал полиция бөлімшелеріне жымқырылған мүлік пен қойылған кепіл нысанын тексеру үшін осы бюро қолжетімді болады», — деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ өкілінің айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі. Міне, сол себепті, Ішкі істер министрлігі ұрлық жағдайларын ауыздықтау үшін ломбардтарға өткізілген заттарды тексермек.
[:]