[:kz]
Аталған дерек Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Жаңаөзенде көшеден табылған жаңа туған нәрестенің анасы іздестірілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz сайтына сілтеме асап.
Атап айтқанда, 11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен қоңырау шалынып, қаладағы үйлердің бірінің маңынан жаңа туған сәби табылғандығы хабарланған.
Аталған дерек Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
«Қазір баланың анасын табуға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәрестенің дені сау. Ол Жаңаөзен қалалық перзентхана бөлімінде жатыр» делінген хабарламада.
[:]