АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанар Хамитова: Мен жұлдыз ауруына шалдығатындай өнерге жаңа келген жоқпын[:]

[:kz]

Картинки по запросу жанар хамитова биография

Жас әнші Жанар Хамитова өзін «жұлдыз ауруымен» ауырып жүр дегендерге жауап берді.

Он жылдан соң сахнаға қайта оралған әншінің тыңдарманына айтары бар. Жанардың айтуынша, бұл оның өнер әлеміне келген алғашқы қадамы емес. Сондықтан ешкімді төмендетіп, өзін жоғары ұстамағанын айтады.

«Мен өнерге алғаш келuен жоқпын. Жасым, құдайға шүкір 30-да. Екі баланың анасымын. Ешқашан өзімді біреуден жоғары ұстап көрмеппін. Біреуді төмендеткен емеспін. Оны мұғалімдерім, ата-анам, көршілерім бәрі біледі. Мен тек шындықты жақсы көрем. Шындықты айтудан қорықпаймын. Сондықтан «жұлдыз ауруына» шалдықты деп ойлаудың, сөз етудің керегі жоқ», — дейді Жанар. 

Әншінің бұл сөзін қостап жатқан желі қолданушылар да, кері пікір айтқандар да бар. 

«Солай болса несіне ақталасың. Шындық алдында ақталу керек емес», «Дұрыс айттың, өтірік айтатын әнші емессің», «Рамазан айында ешкімді ғайбаттамайық», — деді желідегілер. 

stan.kz

 

[:]