АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жанарын жасқа малған Индонезия: 1 өлімге себеп болған 100 өмір[:]

[:kz]

Жұдырықтай жүрегіне адам затқа деген махаббатын сыйдырған жандардың шексіз ерлігіне, батылдығына, батырлығы куә болып жатамыз. Мұндай өмір мысалдары өмірді бағалауға, сүйіспеншілік пен махаббатқа баулиды.

Сондықтан Индонезияда болған табиғат апаты кезінде 100 өмірді сақтап қалу үшін өз өмірін құрбан еткен азаматтың ерлігі туралы жазбақпыз. Индонезияда болған табиғат апатында 100 адамның өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін құрбан еткен 21 жастағы жігіттің әрекеті көпке ой салады. Ол өз өмірі қанша қымбат болса да ұшақтағы жүзден аса өмір бағалырақ деп түйді. Аққан жұлдыздай қысқа ғұмыр кешсе де артында өшпес із қалдырды. Өмірі қыл үстінде болған жүзден аса адамға жақындарымен қауышуға, ойдағы жоспарын іске асыруға, арманына ұмтылуға мүмкін берді.

Мұндай ерлікке бару үшін адамға рухани кемелдік, кең жүрек пен батырлық қажет-ақ.  

Индонезия тұрғындары мен дүниежүзіндегі әлеуметтік желі қолданушылары  21 жастағы Антониус Гунаван Агунгтің жер сілкінісі кезінде жасаған ерлігін сөз етіп жатыр. Ол жолаушы лайнерін апат аймағынан алып шығу үшін өз өмірін құрбан етті.

Өткен жұмада әуе диспетчері Сулавеси аралындағы Палу әуежайында жолаушылар ұшағын басқарған. Ол табиғи апат кезінде ұшақ ұшып кеткенше құлағалы тұрған диспетчер бөлмесінен кетуден бас тартқан. Ұшақ әуеге көтерілгенде ғана мұнарадан секіруге мәжбүр болған. Себебі сыртқа шығатын басқа жол қалмаған.

Антониус Гунаван Агунг алған жарақаттарының салдарынан ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды

Агунг өз қызметін ақтық демі шыққанға дейін адал атқарды. Ол ұшақ әуеге көтерілгенше диспетчер бөлмесінен кетпеді», — делінген Индонезияның азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде.

Жұма күні Антониус Гунаван Агунг жер сілкінісі басталғанда Batik Air әуе компаниясының рейсін бақылаған. Ол уақытта оның әріптестері әуедегі қозғалысты бақылау қажет болмағандықтан төрт қабатты мұнарадан эвакуацияланған болатын.

Лайнердің жерден әуеге көтерілу сәті жер сілкінісінің басталуымен тұспа тұс келген. Сол уақытта диспетчер пунктінің шатыры құлаған. Агунг терезеден секірді. Соның салдарынан қолы, аяғы мен қабырғасы сынды.

Агунг тікұшақпен арнайы клиникаға жеткізілмек болған, бірақ жолда көз жұмды.

Жүздеген адам өмірін сақтап қалу үшін жасаған ерлігі үшін Агунгтің қызметі көтерілді.

Әріптестері Антониус Гунавана Агунгтің денесін жерлеуге апара жатқан фотоларын жариялады.

 

Посмотреть изображение в ТвиттереПосмотреть изображение в ТвиттереПосмотреть изображение в ТвиттереПосмотреть изображение в Твиттере
 
Әлеуметтік желі қолданушылары жас жігіттің әрекетін қызу талқылап жатыр. Оған қаһарман атағын беру керек деп есептейді.
qamshy.kz

[:]