АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жандарбек Бекшин отырған мекемеге келген блогерлер қызметкерлерді әбігерге салды (видео) [:]

[:kz]

Алматыда блогерлер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне келді. Олар ведомствоның қалай жұмыс істейтінін көріп, қызметкерлермен сөйлесіп, қалада енгізілген шектеу шараларына наразылығын білдірген.

Блогерлер түсірген видео LIFE KZ YouTube арнасында жарияланды.

Олар бизнестің жұмыс істей алмай тұрғанына шағымданған. Белсенділердіңс сөзінше, зейнет жасына жетуіне байланысты Жандарбек Бекшин отставкаға кетуі тиіс. Авторлар қаланың бас санитарлық дәрігерімен кездесуге тырысқан.

Алайда Жандарбек Бекшиннің қолы бос емес шыққан. Осылайша, ведомство басшысының кабинетіне блогерлерді кіргізбеген көрінеді. Дегенмен оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Тәртіп сақшыларымен әңгімелескеннен кейін блогерлер ведомствоға тағы да келіп, Бекшиннің қабылдауына жазылуға тырысқан.

Сонымен бірге олар ведомство ғимаравтындағы дәретханалардың жағдайы нашар екенін айта кетті. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин коронавирсуқа қатысты жағдай ушығып тұрғанда неліктен Алматыда карантиннің жеңілдетілгенін түсіндірген еді. 

Оның сөзінше, жаңа қаулы енгізілген шараларды бағалауды ескере отырып дайындалған. Егер шаралар тиімсіз болса, онда олар қатаңдатылады немесе жойылады. Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 2290 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Ауру жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласынан. Бір тәулікте оңтүстік астанада 610 адамнан індет анықталған. 

kaz.nur.kz

 

[:]