[:kz]
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) Фреснода (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, канадалық боксшыны нокаутпен жеңді деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: sports.kz
Осылайша Жәнібек кәсіби рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ орта салмақтағы өзінің WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. Канадалық Онолоунсе мансабындағы үшінші жеңіліске тап болған.
[:]