АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жапония мен Қытайда құс тұмауы тіркелді[:]

[:kz]

470e13e311431ed603feafd42ac34589_LҚытай мен Жапонияда құс тұмауы тіркелді. Елді жайлаған құс тұмауына қарсы Жапония билігі 70 мың үй құсының көзін жойды. Қауіпті індет Кюсю аралындағы фабрикалардың бірінде тіркелген деп хабарлайды khabar.kz

Жергілікті арналардың хабарлауынша, мұндағы құс фермасында екі тәулік ішінде 50 мың тауық қырылған. Осыған байланысты шеңбері 10 шақырым аумақта карантин жарияланды. Арнайы мамандар сол аймақтан өтетін жолдың бәріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген.

Сондай-ақ көрші Қытайда құс тұмауын жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Синхуа агенттігінің хабарлауынша, дертке 69 жастағы әйел шалдыққан. Ол – Хунан аралының тұрғыны. Науқас ауыр халде жатыр. Бұған дейін Қытайда адамның құс тұмауын жұқтыру жағдайы Шанхай, Гонконг және Макао қалаларында тіркелген. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жыл басынан бері мұнда індеттен 10 адам мерт болған.

[:]