[:kz]
Жапон массажының мастері Назым Мукайяма өзіне әке іздейді. Айтуынша, ол әкелік сезімге зәру. Сол үшін Назым ханым айына 300 мың теңге төлеп, өзіне жалдамалы әке сатып алмақ. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты.
Назым Мукайяманың жалдамалы әкелерге өз талабы бар.
Ол темекі шекпесе, ішімдік ішпесе дейді. «Мен жалдамалы әке болайын деген жоқпын. Әке, сезімге зәру қыз болса оған көмектесіп жіберейін, кәдесіне жарайын деген оймен ұсынысты жазып жібергенмін», – дейді Нұрлан Тілеулесов. «Екі қызым бар. Немерлерім де бар, өсіп жатыр.
Оларды жанымдай жақсы көремін. Бірақ басқа балаларды да жақсы көремін. Әсіресе толық емес отбасында өскен балаларға аяушылықпен қараймын.
Кейбір қыздар «Ата менің анама үйленіңізші» деп айтады», – дейді Кенжеғали Уталиев. Жалдамалы әкеге келіскен ер адамдар өздерінің ақша үшін емес, «шынайы әке» болғысы келетіндерін жасырмады.
jasqazaq.kz
[:]