[:kz]
Жаркенттік оқушы ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челленджге айрықша қатысуды ұйғарған. Ол ақынның өлеңдері мен әнін орындаудың орнына, шаш үлгісін өзгертіп, Абайдың суретін басына салып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Онда шаш үлгісін өзгертіп, ақынның портретін басына салып алған жетінші сынып оқушысының суретін анық көруге болады.
Айта кетейік, қазақстандықтар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челленджге белсене қатысуда.
Ақынның өлеңдерін жатқа айту эстафетасына тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысқан еді.
[:]