АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жарнама қазақ салтына сай болуға тиіс[:]

[:kz]

Тіл туралы жаза-жаза жауыр болды десе де болады. Алаш баласының ана тілінің жетім баланың күйін кешуі БАҚ беттерінен түспей келеді. Бірақ нақты іс жоқ. Жоқ болатын себебі. Оны қолға алатын не қоғамдық ұйым, не саяси партия суырылып алға шықпай отыр. Қазақ тілінің босағадағы басын төрге сүйреу үшін қоғамдық дүмпу қажет. Бұл жағдай депутаттардың заң шығару құқығы аясында жүзеге асатын ахуалды қалыптастырды.

Енді осы ахуалға қатысты көптің ойын ортаға салып, тек жарнамаға қатысты сөз қозғамақпыз.

Әлемге танымал сауда маркалары өз жарнамаларын БҰҰ алты тілі бойынша дайындап, жаһанға таратады. Араб тіліндегі жарнамаға тәні жалаңаш бейнебаяндар кірмейді. Тек Еуропа мен АҚШ Ресейге арнап даярлаған жарнаманы Қазақстан Республикасы тұтынып келеді. Қазақтың салт-санасына үйлеспейтін ол жарнамаларды атасы мен немересі бірге отырып көру мүмкін емес. Қазір қазақ бейәдеп жарнамалар салдарынан теледидар көруден қалды.

Біз жұртқа танымал белгілі бір өнімнің жарнамасының берілуіне қарсы емеспіз. Бірақ онда қазақ діліне құрметпен қарайтын иба мен ізеттілік болғанын тұтынушы ретінде  талап етуіміз керек. Әрі жартылай жалаңаш дүниелерді эфирден берушілерге мұсылман елі ретінде ресми дін өкілдері араласып, өз ойын билік пен бизнеске жеткізуі қажет.

Ең бастысы еліміздегі барлық жарнама тегі берілуі мен таратылу түріне қарамай 2020 жылдан бастап тек қазақ тілінде кирилл және латын жазуымен жарнамалануы заңмен бекітілсе деген ойымызды ортаға салмақпыз.

Тілді дамыту үшін нақты да игілікті қадам жасау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз екенін естен шығармайық.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

[:]