[:kz]
Голос. Дети» байқауында екінші орын алған Ержан Максим қазақ тұрғын үй құрылыс компаниясының жарнамасына түсті. Түсірілімге, сондай-ақ, оның анасы қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сюжет бойынша Ержан пәтер таңдау үшін риелторға келеді. Вокалист үйдің ауласынан бір қызды көріп қалып ән айта бастайды. Кейін анасының жанына келіп қызға емес, тұрғын үй кешеніне ғашық болып қалғанын айтады.
Ержан риелтордан бірінші қабаттан пәтер сатып алуға бола ма деп сұрайды. «Жоқ, біріншіде бәрі сатылып кеткен, екіншіде бар» деп жауап береді риелтор. Ержан өз кезегінде «Тағы да ма» деп «Голос. Дети» байқауында болған келеңсіз жағдайды меңзейді.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бірінші арнаның Алсудың қызының жеңіске жеткен қорытындыны жойғаны туралы хабарладық. Бұл аталған арнаның Group-IB есебімен танысқаннан кейін болып отыр. Тексеріс барысында Алсудың қызы Микелла Абрамоваға 38 мың дауыстың жасанды жолмен берілгені белгілі болды.
Ержанның анасы байқау қорытындысын естіп қатты таңғалғанын жасырмады. Десе де, ол бірінші орынға кімнің лайық екенін айтпады. «Әзірге айтар сөзім жоқ» деді ол.
[:]