АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жартылай жалаңаш күйінде сәлем салған қазақ қызы жаға ұстатты (видео)[:]

[:kz]

Атышулы «Кел келінім» бағдарламасының кезекті видеосы желіде қызу талқыға түсті. Етек-жеңі қысқа көйлекпен салем салған қазақ қызы жұрттың ашуын келтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басына орамал таққанымен, қолаң шашы көрініп, ашық-шашық киіммен сәлем салуды үйреткен қазақ қызының әрекетін көпшілік ұнатпай қалыпты.

«Масқара», «Мына сәлем салуыңмен жұрттың бәрін қоздырасың ғой», «Өте ұят», «Сәлем салуды сен үйретпей-ақ қойшы», «Келін атауынан садаға кет!», «Сәлем салуға да лайықты болу керек адам», «Жалаңаш сәлем салады ма?», «Осы қыздардың ата-анасы қайда қарап отыр?», «Ұят», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұл бағдарламады шығып жатқан алғашқы шу емес.

Осыған дейін ток-шоудың екі қатысушысы эфирде шаш жұлысып, төбелескен болатын.

Сондай-ақ өзге бір ару тікелей эфирде жігіттің арқасына массаж жасап, жұрттың сынына ілікті.

 

[:]