[:kz]
Төтенше жағдайды бастан кешірген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза бастады. Қаладағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда деп хабарлайды Отырар арнасы.
Сондай-ақ, мал базары да ашылған. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.
БАҚ бетінде дүкеніне зақым келген кәсіпкерлерге нысандарды жөндеу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні де жазылды.
Оларға арнайы секторларға бөлінген құрылысшылар көмектеспек. Нысандардың қысқа мерзімде жөнделетіні хабарланды.
Айта кетейік, Арыс қаласында 340-тан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана, 5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген.Осы нысандардың зардап шекпегендері қалыпты жағдайда жұмысқа кірісіп кетті
[:]