[:kz]
Кез келген ана өзінің баласы үшін жан қиярлық әрекетке барады. 33 жастағы Джессика Аррендал есімді жас ана 6 айлық баласын маскүнем әкесінен құтқарамын деп көз жұмды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Джессика мен оның күйеуі Антуан Дэвистің үйіне жедел қоңыраудан соң келіп жеткен. Дегенмен олар оқиға орнына дереу жеткенімен, 14 сағат бойы үйдің ішіне кіре алмаған. Ақыр аяғында үйді түгелімен қоршауға алып, баса көктеп кіруге мәжбүр болды. Полиция қызметкерлері үйге кірген кезде онда екі адамның мәйіті табылған: бірі жас ана Джессика болса, екіншісі оның күйеуі Антуанның денесі және де әжетханада 6 айлық бала болған.
Белгілі болғандай, үйде өте қайғылы жағдай орын алған екен. Джессика Аррендал өзінің 6 айлық Коби есімді қызымен үйінде отырған кезде оның күйеуі, теңіз корпусының қызметкері Антуан Дэвис өлердей мас болып келіп, әйелі Джессикаға тап берген.
Оны қорқытып, барлық үйді айнала қуалаған. Қолында баласы бар әйел үшінші қабатқа көтеріліп, бейсбол битасын ұстап алып қашқан. Алайда оны күйеуі алып қойып оларды соққыға жыға бастаған.
6 айлық баланы қолына ұстаған әйел жуынатын бөлмеге барып жасырынған. Сол кезде Дэвис винтовканы алып, жуынатын бөлмеге баса-көктеп кіріп, жас ананың басына атып жіберген.
Джессика өліп бара жатып, қолындағы сәбиін әжетханаға отырғызып, денесімен жауып, құтқарып қалған. Нәтижесінде 6 айлық бүлдіршін аман қалды.
Кобидің әжесі, марқұм Джессиканың анасының айтуынша, Дэвис әйелі мен баласын өлтірмек болған. Алайда мас болғандықтан әжетханада отырған баласын көрмей қалған. Ол жуынатын бөлмеден шығып, баласының бөлмесіне барып өз-өзін атып өлтірген.
Қазіргі таңда бүлдіршін емдеу курстарын қабылдап жатыр. Тексеру барысында баланың басына соққы тигендігі анықталды.
Ал мынау — Антуан Дэвистің бірінші әйелімен түскен фотосы.
Дайындаған: Назерке Лабихан
[:]