[:kz]
Мадина Сәдуақасова «Жұлдызды жекпе-жек» сайысында әнші Бауыржан Ретбаевты Қайрат Нұртаспен салыстырғаны үшін елден оңбай сөз естіді. Желі оқырмандары шоу-бизнес жұлдызының пікіріне қарсы шығып, Мадинаның өзін сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отандық жұлдыз жас әншінің ізденбейтінін айтып қана қоймай оны Қайрат Нұртаспен салыстырған.«Баука мен саған бетіңе айтайын ба? Сен жалқаусың. Жоқ, бұл бала шаршамау керек, іздену керек. Келісесіздер ме менімен?
Мұнау сұмдық қой. Қанша терең, дара. Сен нағыз әншісің. Мың қырлы әншісің. Мен сенің не істеп жүргеніңді білмеймін.
Қандай клип түсіріп жүрсің? Не ән жазып жатырсың? Мен таңғалып отырмын. Сенің мүлде басқа қырларыңды көріп, ойланып отырмын.Мына балам неге ашылмай жүр? Неге көптеген әндер жазбайды? Мына қасыңда Қайрат тұр» , — деп қатты айтты Сәдуақасова.
Ол Қайрат Нұртастан репертуарындағы әндер санын сұрап, оны Бауыржан Ретбаевтікімен салыстырды.»Мына қасыңда тұрған Қайрат пен Ерке еңбектенеді, ізденеді. Олар тоқтамайды, жазады. Қайрат Нұртас кешке концерт беріп келеді де, одан кейін студияда бес ән жазып тастайды. Мен өзім куәмін.
Қалай студияға бір кіргенде бес ән жазуға болады? Тоқтамастан бес ән жазып тастап, соның бірі немесе бесеуі де хит болып шығады.
Айналайын Баука, өтінейін саған, ән жазшы көп қылып, түрлі-түрлі жанрда. Жаңа ғана сен таңғалдырдың. Сен талантсың, тек еңбектену керек» , — деді Мадина.
Эстрада әншісінің бұл айтқан пікіріне желі оқырмандары шүйлігіп шықты.
Олар Сәдуақасованың жәс әншіні Қайрат Нұртаспен салыстыруы мүлде орынсыз екенін айтқан.»Мадинаға не болған? Соңғы кезде суырылып пікір айтқыш болып жүр. Сондағы айтқандары бір дені дұрыс нәрсе болса ғой. Тек өз сауатсыздығын, санасыздығын көрсетуде», «Бұл жас әнші ғой, қалай ойланбай Қайратпен салыстырып тұр? Оның шыққанына 10жылдан асты. Төреші тек сол жердегі өнерді бағалау керек, қайдағы жоқты айтып, бәрі ақылды әйтеуір»,
«Салыстыратын адам тауыпсың», «Ол жас әнші ғой жаңадан шығып келе жатқан. Сахнаға шыға салып, сізде әнші болған жоқсыз ғой. Енді енді жұлдызы жанады бұйыртса. Жарайсың бауырым, өнерің өрге жүзсін» , — деп жазуда көпшілік.
Жоба кезінде орын алған сәттің видеосы Instagram желісінде тарап кеткен.
[:]