АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жас жұбайлар некесі қиылғаннан кейін 3 минуттан соң ажырасуға өтініш берді[:]

[:kz]

Кувейтте екі жас некелері қиылғаннан кейін бірнеше минуттан соң ажырасып кетті деп жазады  РИА Новости.

Неке қию рәсімінен кейін жас келін аяғы тайып құлап қалған. Ер адам оны тұрғызудың орнына күліп, «жынды» деп келемеждеген. Бұны естіген әйел жылап, дәл сол жерде некесін қиған адамға ажырастыруын сұраған. 

Жас жұбайлар небәрі 3-ақ минут ресми некеде болып, рекорд жаңартты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде неке қиылған соң 15 минуттан кейін ажырасып кеткен отбасы болған

sn.kz

[:]