[:kz]
Елімізде экстра жасанды ұрықтандырумен айналысатын 26 емхана бар. Оның бесеуі мемлкеттік медициналық мекеме.
Елімізде жылына бір мың отбасына ғана жасанды ұрықтандыруға квота беріледі екен. Ал аймақтарда мыңдаған адам кезекте тұр. Енді президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұны жеңілдікті жеті есеге көбейтуге тапсырма берді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 24 жылда мемлекеттік квота алған әйелдерден 22 мың сәби дүниеге келіпті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше , 2019 жылы 1105 адамға жасанды жолмен ұрқтандыруға квота берген. Оның құны 943 млн 826 мың теңге.
Биыл да квота мыңнан астам отбасыға беріліпті. Ал 2021 бұл сан 7 есе артады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, берілетін жеңілдік бағасы да өседі.
«Былтырғы бағалармен есептеген кезде 854 мың 114 теңге бір қызметтің бағасы. Ал соңғы пандемияға, қаржылық жағдарысқа байланысты оның бағасы өсуі мүмкін», — деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Елімізде экстра жасанды ұрықтандырумен айналысатын 26 емхана бар. Оның бесеуі мемлкеттік медициналық мекеме.
«Экомед» орталығына жылына 5 мыңға жуық адам жүгінеді дейді емхана мамандары. Оның 50 пайызы сәбилі болатынын айтады. Алайда, бір отбасы бұл үшін миллионнан астам қаржы жұмсайтынын айтады.
«Негізі экстракорпоральді ұрықтандырудың бағасы 350 мыңнан басталады. Әрі қарай дәрілік препараттардың, тапсырылатын анализдерді қосқанда, әр отбасыдағы жұптардың денсаулығына байланысты орташа есеппен 800 мың — 1,2 млн теңге арасында ақша кетеді.
1 квота бір ғана мүмкіндік. Сондай-ақ, ол тек ерлі-зайыптыларға беріледі екен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 24 жылда мемлекеттік квота алған әйелдерден 22 мың сәби дүниеге келген. Ал сәби аңсаған 10 мың жуық ана квота кезегінде тұр.
[:]