[:kz]
Қыз ұзатып, баласын құтты орнына қондыратын маңғыстаулықтар бүгінде қыз жасауын асырып апаруды әдетке айналдырған. Тіпті, көпшілік халық қыздың артынан апаратын жүгін жинағанда бәсекелестікке де бой алдырады екен. Бұл туралы жаңаөзендік белгілі блогер Райса Бексалова әңгімеледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Райсаның сөзінше, маңғыстаулықтар қыз жасауына шамамен 5-6 млн қаржы жұмсайды екен.
«Әрбір жанұя қыз жасауына кеткен шығынды құпия қалдырады. Дегенмен, жасау жинау үшін 5-6 миллион теңгенің кететіні анық. Қыздың артынан бір отбасының, бүтін бір әулеттің дүниесін апарады. Заман талабына сай ноубтук, соңғы маркалы телефон, ыдыс жуатын машинаға дейін алынады. Әрине, мұны кейін көпшілікке мақтан қылып айтып отыратындарды көрмедім. Кім болса да, қызының жүгін жақсылап апарғанды жөн көреді. Жағдайы келіп тұрғандарға айтар әңгімем жоқ, бірақ жүк апару үшін несиеге бататындар көп. Осы мәселе жолға қойылса деген тілегім бар», — дейді ол.
[:]