АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жастар жаппай «збезда» болғысы келеді[:]

[:kz]

a6d929dbf3c671cc820a8ecccaf84d62 Шеберлік сағаттарында «Кім болғың келеді?» деп сауал тастасаң, жастардың үштен екеуі не әнші, не жүргізуші, қысқасы Збезда⭐️ болғысы келеді.

«Бала күніңнен армандаған мамандық па бұл? Және бойыңда Алланың берген таланты бар ма? Өнер адамы болу оңай емес қой?!» десең, еріндерін сылп еткізеді. Бірі «Қой, 92-дегі «р» мен «с-ны» айта алмайтын «сақау Бота» жұлдыз боп жүргесін болды емес пе? Таланттың не керегі бар? Компьютермен-ақ дауысыңды өлтіріп жасап аласың ғой»,-дейді.

-Нуу, «Живой дауысты» талап етпейтін Қазақстанда әнші болған кайыып қой. Оп-оңай. Юрфакты ілініп-салынып әрең бітіріп жүріп жұмыс таппасаң, әлгі бір 4-5 продюсерге ақша тықпаласаң, бір-ақ күнде инстаграмға шығарады да, жұлдызың жанып шыға келеді,-дейді екінші қатардағы сары қыз.

(Өздері сол продюсерлердің есімдерін жеті атасындай жатқа айтып тұр. Тақылдауын қарашы, ей!)

-Тықпалайтын сенің ақшаң бар шығар. Ал ақшасы жоқ байқұс қайтек?-деймін мен таңданып.

-Кредит алсын! Ол он есе боп қайтады!

Бидай өңді Асқар деген бала жерден жеті қоян тапқандай орнынан атып тұрды. «Мынауың ващще дым білмейді екен» дегендей қарап қояды маған. Сосын тап бір бизнес-жоспардың жобасын әкелгендей ортаға атып шықты.

-Мысалы, апай, ана Нұрсұлуды алайық. Қараңызшы қандай әдемі, бойы ұзын. Қазір дауыстан гөрі қыздың түрі рөл ойнайды емес пе? Бұл еще боянбаған түрі. Өлтіріп бояндырамыз, қасына төрт бұрышты қып перманент жасаймыз, ну, еріні сәл жіңішке, ештеңе етпейді, уколмен үрлете салады. Көкірегін тоже. Алдымен қазақ аруына қатыстырып көреміз. Сосын атақты ақын, композиторға ән жаздырып, оны компьютермен өңдеп аламыз. Мини дискті бірден танымал продюсердің біріне апарамыз, қызды таныстырамыз. Мықтылары ұнатпаса, ұсақ-түйек продюсерсымақтар бар, олар да пойдет, че почем білсе болды ғой, эстрадаға шыққанша солармен жұмыс істеуге болады. Олар әншісіне «товар» деп қарайды, тауары өтімді болу үшін алдымен жарнама керек, клип түсіріп, «Гәкку», «Ревю» сияқты каналға реклама жасайды, инстаграмнан да «Жаңа жұлдыз шықты» деп реклама жасайды. Бұ қызға образ керек. Керек болса, кәрістерге ұқсата саламыз, сосын шулаған бала-шаға фанатсымақтардың өздері шығарып жібереді. Кәріске ұқсаған түрін танымал адамдар сынап жатса, тіпті жақсы. Антиреклама-тоже реклама! Ойлану керек!

Бітті, жұлдызы ақырын жана бастайды. Ақырындап тойға шығады. 500 $-дан бастап кейін 3000 $-ға дейін көтерілсе жаман емес. Одан кейінгі миссия- «Тауарды» отандық киноларға бірдеме қып пиxайттау керек. «Жарады жүрек», немесе «О менің дірр-дірр еткен жүрегім» сынды киноға түссе, супер збездаға айналар еді.

Бара-бара Нұрсұлуға продюсердің қажеті болмай қалады. Тапқанын бөліскісі келмей ді ғой енді. Әйтеуір сылтау айтып ренжісіп қалады, оны «Өсекші сайттарға» естірту керек. Дым тақырып таппай отырған ұсақ-түйек сайтқа да сол керек та! Олар тақырыбын жандырып тұрып ақпарат береді. «Танымал әнші Нұрсұлу продюсерімен неге келіспей қалды?!» дегендей…

Сөйтіп Нұрсұлу-жұлдызға айналады. Оның ол кезде инстаграмында 400 мыңдай оқырманы болады. Онлайн жарнама керек болған соң дүкеннің бәрі жарнама сұрайтын болады. Сондықтан маникюр, педикюр, прическа, киім, аяқ киім, тіс жөндеуің, әбед, ужин, тіпті іш киімі де түгел ТЕГІН болады. Бұл тек «Ой, девочки, я сегодня такая счастливая, знаете почему?» деп бастап, әрі қарай жарнаманы ұра береді. Тауар сапалы ма, адал жұмыс жасай ма, әрі қарайға Нұрсұлу басын қатырмайды. Өзі тегін жүрсе болды.

-Тоқта! Судың да сұрауы бар. Халық әйтеуір бір күні өтірік жалтырақ, жалған таланттан шаршайды ғой? Сонда не болады?-деймін мен.

-Сонда не болады дейсіз бе? Өзі продюсер болып, өзі сияқты «Өтімді тауар» дайындайтын болады. Сұраныс сол боп тұр ғой. Тегі түк таппаса кино түсіреді,-деп жастарымыз қарап тұр…

Ничего себе бизнес план)).

Жанат Бакыт

facebook.com парақшасынан 

alashainasy.kz



[:en]

[:]