АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жасына сай емес»: Гүлнұр Оразымбетованың жаңа стилі көпшілікке жақпай қалды (видео) [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде жаңа образын көрсетіп, көпшіліктен сөз естіп қалды. Оқырмандар өнер иесінің стилі жасына сай емес екенін айтып, оны сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Гүлнұр Оразымбетова «Егіз лебіз» жобасында сахнаға сан алуан образдармен шығып, әр шығарылым сайын көпшілікті таңғалдыруда. Алайда, бұл жолы әншінің ерекше стилі халыққа ұнамай қалған. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жаңа фотоларымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Желідегілер өнер иесінің стилін аса ерсі санап, оны жасына сай киінбегені үшін сынап тастаған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гүлнұр Оразымбетова (@gulnurorazymbetova)

«Өзің сондай сымбаттысың. Бірақ, мына көйлегің, шашың тіпті үйлесіп тұрған жоқ. Қысқасы жараспайды», «Осы көйлек және шашыңыз ұнамсыздау болды (бұл менің пікірім)», «Шаш үлгісі жараспай қапты», «Ренжімеш. Осы жолғы киім үлгісі маған мүлдем ұнамады. Кешірім сұраймын. Сіздің нәзіктігіңізді жоқ қылды. Жарқылдап көрінген аяқ», «Күйеуің қартайып, балаларың есейгенде ерсі көрінеді екен», «Не тұрыс бұл? Санды жалтыратып тұрған жараспайды», «Бәрі жақсы. Тек саныңды жалтыратқаның болмады», — деп жазуда көпшілік. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гүлнұр Оразымбетова (@gulnurorazymbetova)

Оразымбетованың жаңа образына қатысты пікір білдіргендер арасында оны қолдап шыққандар да болды. Олар әншінің үнемі сәнді болып жүретінін алға тартты.

kaz.nur.kz

 

[:]