АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жасырынбақ ойнап жүрген: ШҚО-да 10 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды[:]

[:kz]

Шығыс Қазақстан облысының Белый Камень ауылында он жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жасырынбақ ойнап жүрген 10 жастағы қыз кір жуғыш машинаға барып, жасырынған. Кейін ол өздігінен әлгі құрылғыдан шыға алмай қалған.

 

Құтқарушылар кір жуғыш машинаның кейбір бөлшектерін ажыратып, баланы шығарып алған.

Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін анықтаған.

[:]