АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жаз-2018: Көлсай мен Қайыңды көріністері[:]

[:kz]

Алматыда Қайыңды және Көлсай көлдеріне саяхат ұйымдастыратын туристік ұйымдар  көп. Олар алдымен саяхат қай уақытта өтетіні туралы әлеуметтік желілерде хабар таратады. Екі күндік демалыстың бағасы – 14-15 мың аралығында. Бұл бағаға автобус бағасы, Саты ауылында қонатын үй, тамақтану, саябаққа кірердегі экологиялық төлемдер, ойын-сауық бағдарламасы мен кәсіби фотосуретке түсіру қызметтері кіреді. Мұндай саяхаттар аптаның сенбі және жексенбі күндері ұйымдастырылады.

 

Турфирма өкілдері Алматыдан шығып Саты ауылына жеткен демалушыларды 8 не 10 адамнан топқа бөліп, үйлерге жайғастарады. Сенбіде таңғы ас ішіп шыққан демалушылар сағат 08.00-де Көлсай көліне кетеді. Сатыдан Көлсайға дейінгі жол – автобуспен 30 минуттық жер.

Бірінші Көлсай

Үш көлден тұратын Көлсайдың біріншісін қайықпен, көл маңын атпен немесе жаяу тамашалауға болады.

Бірінші Көлсайдың ені – 350 метр, тереңдігі – 80 метр. Ауа райы қолайсыз болғанда да көлді тамашалауға келетін туристердің саны азаймайды.

Екінші Көлсайға жаяу барушыларға алдын ала кететін уақыт пен жолдың ұзақтығы ескертіледі. Екінші Көлсайға барып, кері қайту үшін 16 шақырым жүруге тура келеді. Ал атпен барсаңыз, бағасы – 5000 теңге.

Екінші Көлсайға барар жолда таудан аққан бұлақты да, жолды бөгеген ағашты да көресіз.

Екінші Көлсайға жеткенде бірден көлдегі ағаштарға көзіңіз түседі.

Туристік ұйымның бағдарламасында екінші күні Қайыңдыға жол тартасыз. Қайыңды көлі Саты ауылынан көлікпен жарты сағаттық жерде. Демалушылардың көбі таңертең жетіп алуға тырысады. Себебі түскі уақытта күн қатты ысып кетеді.

Қайыңды көлінің түсі жиі өзгеріп отырады. Ғалымдардың айтуынша, оның мұндай өзгеріске ұшырауына көлдің астында ғасыр бойы қалып қойған минералдар себеп.

Бұл жер саяхатшыларды ғана емес, дайверлерді де қызықтырады. Соңғы жылдары шетелден дайверлер жиі келетін болған.

baribar.kz

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

 

 

 

[:]