АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жазғанымды мойындаймын»: қазақ ұлтынан тағы бір этнос өкілі кешірім сұрады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Қазақстанның орнына Ұйғырстан болады дегенім үшін кешірім сұраймын», — деді жыларман болған жігіт.

«Қазақстанның орнына Ұйғырстан болады дегенім үшін кешірім сұраймын», — деді жыларман болған жігіт.

Биылғы жыл Қазақстанда біраз этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлт – қазақты басынғысы келіп, кейін кешірім сұрауымен басталды. Әлі де жалғасып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, 29 қаңтарда Теміртау қаласының тұрғыны Вячеслав Злотинский деген жігіт әлеуметтік желі арқылы украиналық блогермен сұхбаттасып, оған өзінің қазақ тілін үйренгісі келмейтінін, тіпті, Қазақстанның Ресейге автономия болып қосылғанын қалайтынын айтқан еді. Көп ұзамай, рухты жігіттер оның тәубасын танытып, видео арқылы дүйім жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр етті.

Одан кейін елордада домбыраны еденге ұрып паршалаған орыс жігіттің қазақ халқынан кешірім сұраған бейнежазбасы жарияланды. Айтуынша, ол бұзақылық әрекетін былтыр жасап, соның салдарынан жергілікті жігіттерден оңбай таяқ жеген. Алайда, сол видео биыл қайта тарап кетіп, тағы да соққыға жығылған сабаздың бұл бір білместігі үшін екінші мәрте кешірім сұрауы екен.

Қазақстанда жүріп, қазаққа қарсы доқ көрсетіп қалудың ең сорақысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жағдай болды. Сондағы ауыл жұртын басынудың зардабын еселеп тартқан дүңгендердің көрші қырғыз еліне шекара асып кетулеріне тура келді. Кейін олар да жаздым-жаңылдым деп кешірім сұрап құтылмағанда, ашу-ызасы қайнап тұрған қазақ жастарының бір дүмпумен шектеле қоймағаны анық еді.

Енді міне, facebook желісінде ұйғыр ұлты өкілінің де тыныш жүрмей, өзінше бір кісәпірсіп қалуға тырысқаны әшкереленді. Ол әлеуметтік желіде көк байрақ суретінің астына «кейін Қазақстан деген мемлекет болмайды, оның орнына Ұйғырстан мемлекеті құрылады» дегендей сандырағын жазған.

Оны түнде құба жонға алып шыққан қазақтың жігіттері тізерлетіп отырғызып қойып, машинаның жарығымен видеоға түсіріп тұр.

«Бүкіл қазақ жігіттерінен кешірім сұраймын. Жазғанымды мойындаймын», — деп міңгірлеген кінәліге: «Не деп жаздың? Конкретно соны айт!» — деп жекіді біреуі. «Мен тудың астына Қазақстанның жоқ болатынын айттым. Сол үшін кешірім сұраймын», — дей бастап еді, «Жоқ, конкретно, үтір-нүктесіне дейін айт, не жаздың?» — деп нақтылай түсті әлгі азамат. «Қазақстанның орнына Ұйғырстан болады дегенім үшін кешірім сұраймын», — деді жыларман болған жігіт.

Бұл ретте, олардың осылайша өзінің кейін қолға түсіп, кешірім сұрайтынын біле тұра, тұтас ұлттың намысына тиетін өрескелдікке неге баратыны түсініксіз. Біртұтастық пен тыныштықты ту еткен қазақпен бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқандарын көтере алмау – ұят тірлік, әрине!

 

 
 

[:]