[:kz]
Ульяна Кислицына есіміді жедел жәрдем қызметкері қазақ тіліндегі «Асыл әже» әнін орындағаны әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өз ісінің шебері әрі патриот Ульяна жедел жәрдем қызметінде істеп жүргеніне біраз уақты болыпты.
«Даусы періштенікіндей, өзі бізге үнемі көмектесіп жүреді», — дейді бейнежазбаны жүктеген автор.
Қыздың қазақ тіліндегі әнді орындауы желі қолданушыларының жағымды пікірлерін жинады.
«Өзі сұлу, әнді әдемі орындайды екен», «Маған медициналық көмек көрсету келсе, мен бірден сауығып кететін шығармын», «Меніңше, оған әнші болған әлдеқайда жарасады, түр десе түрі, дауыс десе даусы бар екен өзінің» деп жазыпты желі пайдаланушылары.
Дегемен бұлардың қатарында жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмыс уақытысында мамандықтарына қатысы жоқ іспен айналыспауы керек деп айтқандар да табылыпты.
[:]