[:kz]
Әлеуметтік желіде ығы-жығы толған америкалық ұшақтың суреті таралды. Интернеттегі жазбаға сенсек, бұл ұшақтағы азаматтар – Ауғанстаннан бас сауғалағандар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ауғанстаннан АҚШ-қа бет алған адамдарға лық толы ұшақ түсірілген сурет желілерде таралды. Суретті жариялаған Пентагон баспасөз қауымдастығының вице-президенті Маркус Вайсгербердің сөзіне сүйенсек, фото 15 тамызда түсірілген. Бұған қоса, ол алғашында мұнша адамды эвакуациялау жоспарда болмағанын, алайда ауғандар бой бермегендіктен осылай жасауға тура келгенін жеткізді.
Ұшақта шамамен 640 адам болған көрінеді.
Айта кетсек, тәліптер Ауғанстан билігін басып алғаннан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Тұрғындар елден кетуге тырысып, тіпті, ұшып бара жатқан ұшаққа жармасқан.
[:]