АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде елді шошытып, жалған ақпарат таратқан әйел кешірім сұрады (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде «Луна» бомбасы жайлы жалған ақпарат таратқан әйел Арыс тұрғыны боп шықты. Ол өз кінәсін мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады, — деп хабарлайды Арыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz.

«Мен Арыс қаласының тұрғыны, Жақсылықова Роза Оспанхановна, 12-15 шілде аралығында WhatsApp желісі арқылы қаладан «Луна» бомбасы шығарылмақшы болып жатқандығы туралы жалған ақпарат тараттым.

Мен бұл хабарламаны сурет қылып «Арыс қаласы» деген топқа жібердім. Сабыр сақтаңыздар! Жалған хабарлама таратқаным үшін кешірім сұраймын», — деді ол.

 

Zakon.kz.

 
 

[:]