[:kz]
Нұр-Сұлтандағы «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығының жанында оннан астам адамның қатысуымен жаппай төбелес болды. Оқиғаны куәгерлер видеокамераға жазып алған.
Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткеннен кейін қалалық Полиция департаменті оқиғаға кінәлілердің ұсталғанын мәлімдеді. Оқиға 1 тамыз күні кешкі сағат сегіз жарым шамасында болған.
«Төбелескендердің барлығы – жасөспірімдер, олар оқиға орнында ұсталды. Төбелеске себеп – екі баланың өзара ерегісі болған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Полиция департаментінің өкілдері.
[:]