АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Жемқорлыққа жол жоқ!». Алматы облысында жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды[:]

[:kz]

Жетісуда, «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай 40- тан астым іс-шара жоспарланған айлық жария етілді. Алматы облысының әкімінің қолдауымен іске асқан шара ағымдағы жылдың 9-шы қазан айынан  9-шы желтоқсанға дейін жалғасады.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған айлықтың мақсаты – бүкіл  қағамдық ортаны тарту және әрбір еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру.

Сонымен қатар, шаралар тізімінде ең маңыздылары: 15 желтоқсанда Қарасай ауданында орналасқан Сүлейман Демирел атындағы университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің ашылуы, 5 желтоқсан жаңадан бой көтерген театр сахнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған кәсіби театрлық қойылым,  7 желтоқсан күні «Адал жол» марафонының қорытындысы деп танылды.

Аталмыш департаменттің басшысының орынбасары Жандос Жұмабаевтың айтуынша жұртшылықтың көмегінсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін емес.

«Қалтаны қалыңдату арқылы шешілетін әрекеттерді түпкілікті жоюға біз өз алдына тыңғылықты жұмыстар атқарып жатырмыз. Алайда, қоғам қолдауынсыз қазығы терең салынған мәселені шешу  мүмкін емес. Осы тұрғыда  халықпен берік қарым-қатынас орнату өте маңызды», — деп қорытындылады ол.

 

Новости Казахстана. Алтынорда

 

[:]