АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксер аяқастынан ресейлік болып кетті[:]

[:kz]

21 жастағы қазақстандық спортшы Станислав Калицкийдің соңғы жекпе-жегі сәтті аяқталған болатын, алайда сол жекпе-жектен кейін біршама сұрақтар туындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Екатеринбург қаласында Калицкий филиппиндік боксер Венсон Делоперемен 6 раунд айқасып, жеңіске жеткен болатын. Алайда бұлжекпе-жекте түсініксіз сұрақтар туындады.

Ринг-анонсшы қазақстандық боксерді  «Қызыл бұрыштан шығатын — Ресей спортшысы Станислав Калицкий» деп таныстырды. Сондай-ақ, боксердің Қостанай қаласынан екендігін де айтып өтті.

 

Айта кетейік, алдыңғы жекпе-жектерде Калицкийдің суретінің қасында Қазақстанның туы тұрған болса, бүгінде ол Ресейдің туына ауысқан.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]