[:kz]
Үндістанның Бангалор қаласы 2025 жылы ешбір тіршілік иесі тұра алмайтын қаңыраған мекенге айналады деп болжануда. Қаланың улы қалдықтармен ластанғаны соншалық – осындағы көлдер өздігінен отқа оранып жатады.
Ғылыми-зерттеу институтының мамандары қалдықтарды заңсыз түрде ағын суларға тастаудың зардабы орасан зор апат әкелетінін айтып дабыл қағуда. Бұл жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, көл атаулының да жойылуына ықпал етуде. Ғалымдар қала көлдеріне күнделікті лайланған ағын судың 400-600 млн литрі ағызылатынын анықтаған. Бұл оттың тұтануына қолайлы жағдай тудырады. Күнде мыңдаған балық қырылып жатады. Кезінде «көлді қала» атанған Бангалор енді «тозақ мекені» деген қорқынышты атауға ие болды. Бұл өңірде өрт соңғы рет ақпанда тұтанған. Оның жалыны 12 сағат бойы сөнбей тұрыпты.
ӨЛГЕН ӘЙЕЛ БОСАНДЫ
Канадада жол апатынан қаза болған аяғы ауыр әйел табытта жатып босанды. Торонто тұрғындары бұл жаңалыққа қатты таңғалды. Сәби анасын жерлеп жатқанда табыт ішінде дүниеге келген.
Әйел жүктіліктің жетінші айында екен, өз көлігімен емханаға бара жатқанда рөлді басқара алмай, жол апатына түседі. Келіншек апаттан ауыр жарақат алған. Оның денесі мәйітханада 17 сағат, үйінде алты сағат жатқан. Туыстары жерлеу рәсімінде әйелдің табытын төмен түсіріп жатқанда, кенеттен сәбидің іңгәлаған даусын естиді.
Жұмысшылар дереу табытты ашқанда тірі қызды көреді. Дәрігерлер өлі туды деп санаған нәрестенің қалай аман қалғанын түсіне алмауда. Кішкентай сәби қазір инкубаторда жатыр
zhasalash.kz
[:]