АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жетісайда өгей шеше қорлаған қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанушы болып шықты [:]

[:kz]

Түркістан облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы өгей анасының балаларына дене жарақатын салған істі өз өндірісіне алды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
Фото: opinionua.com

Фото: opinionua.com

Полицияның мәліметінше, қазіргі таңда күдікті әйел ҚР ҚК-нің 110- бабы «Азаптау» және 140-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге қатысты міндеттерді орындамау» бойынша жауапқа тартылуда.

«Қыздардың әкесі деструктивті діни ағымының ұстанушысы», — деп хабарлады полициядан.

Бұл қылмыстық іс ҚР ІІМ-нің және облыстық прокурорының бақылауында.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында өгей ана балаларға жәбір көрсетті дегенкүдікке ілінген болатын.

Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін «жазалау» дәптерін арнағаны да хабарланды.

Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.

Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де пікір білдірген болатын.

Ал бүгін соққыға жығылған үш қыздың туған анасы KAZ. NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат беріп,өз шындығын айтты.

KAZ.NUR.KZ.

[:]