[:kz]
Түркістан облысы Жетісай ауданында өгей шешесінен қорлық көрген үш қыздың әкесі әйелінен көңілі қалғанын айтып, балаларын ешкімге де бермейтінін айтты деп хабарлайды 31 арна.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін «жазалау» дәптерін арнағаны да хабарланды.
Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.
Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де өз шындығын айтқан болатын.
Шулы оқиғаға байланысты қыздардың туған анасы KAZ. NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат берді.
Жетісайдан Шымкентке апалы-сіңлілерді психиатриялық сараптамаға алып барған жеңгесі де жанайқайын жеткізді.
[:]