АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жетісайлық мектеп оқушысы екі жасар баланы өлімнен құтқарып қалды[:]

[:kz]

Түркістан облысында 11 жастағы мектеп оқушысы екі жасар бүлдіршінді өлім аузынан құтқарып қалды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Оқиға Жетісай қаласында орын алған. Мектеп оқушысы кешкі сағат 20:00 шамасында бір топ балалардың кәріз жүйесінің құдығы басында жиналып тұрғанын байқап қалады.

Дереу олардың қасына барған 11 жастағы Бекназар Майрамбек өзінен жасы кіші балалардан екі жасар бүлдіршіннің құлағанын естіп, құдыққа түседі.

Бұл кезде кәріз жүйесіндегі лай судан бүлдіршін көрінбей, тұншыға бастаған.»Бір метрден аса лас судан кішкентай бүлдіршін көрінбеген. 5 сынып оқушысы еш ойланбастан құдық ішіне түседі.

Ондағы су оның мойын тұсына келген. Төтенше оқиға кезінде жедел түрде құтқаруды көздеген оқушы екі жастағы бүлдіршінді алып шыққан.

Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізіліп, қазіргі таңда оның жағдайы бірқалыпты»,-деді Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов.

11 жастағы жетісайлық тұрғынның бұл әрекеті төтенше қызметкерлер тарапынан ескерусіз қалмады. Департамент атынан оған алғыс хат беріліп, тіпті, велосипед сыйға тарту етілді.

[:]