АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жезқазғандық әйел сәләфиттердің жаға ұстатар тірлігін айтты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

«Қазір біздің Жезқазғанда көп осындай қыздар, ата-анасын тыңдамайтын. Екінші әйел, үшінші әйел болып шығып кетеді. Ақырында жалғыз қалады…» — дейді ол.

Бұл сөзді жезқазғандық бойжеткен Youtube-тегі Kazislam арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады paryz.kz.  

«2014 жылы теріс діни ағым өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болдым. 14 жастамын ол кезде, тұрмысқа шығуға үгіттеді. Ата-анам қарсы болды. Дінде не харам, соның бәрін істейді. Бір-бірінің әйелдерін алады. Талақ береді, алады, тастайды. Екінші рет тұрмысқа шықтым, діни деструктитвті ағым өкіліне. Күйеуім келеді, қонады, кетеді. Бірінші әйелі қатты ауырады екен сол кезде. Ал мен ол кезде түсік тастадым, 3 рет. Сол кезде ол келмеді де. Достарымен футбол ойнап жүр. Қайта оның достары, достарының әйелдері көмектесті. 

«Сен неге оларға айтасың? Сен әйелсің бе, бәрін өзің көтеруің керек», — дейді. Әйелге қысым көрсетеді, неше түрлі айтады. Бір күні Тимур, Олжас деген екі досымен келіп, маған талақ берді. Ал жамағаттың ішінде «мен талақ берген жоқпын, ол өзі ашық түсті орамалдар тағып кетті, қуып кетті, боянды» деген сияқты сылтау айтады.

 

Ержан деген досы екінші әйел болуға ұсыныс жасады. Мен қарсы болдым. Әйелі арқылы шықты, Несібелі деген. Бәрібір қарсы болдым. Бір күні паркте келе жатқанда күштеп ұрлап алып кетті. Өзінің пәтеріне алып барып, 2 күн қамап ұстады. Ұрып-соқты. Қасындағы досы кетіп қалса, жаңағы Ержан тиіседі. Ал әлгі досы Нұрғалым келсе, өте тақуа адам бола қалатын. Ұрды да, зорламақшы болды. Сол кезде мен тамырымды кесіп жібердім.

Ең көңіліме келетіні, мен оларға «дін адамдары ғой, Алладан қорқады ғой» деп сенген едім. Екінші, үшінші әйел ала ма, ата-анасымен таныстырмайды олар, керек те қылмайды. Өйткені біледі, талақ беретінін. Тек нәпсілерін қандыру үшін ғана алады.

Өздері жиналып отырады, дауғат айтамыз деп. Бірақ шын мәнінде шемішке шағып, өсек айтып отырады. «Анау әйел алды, ертең тастап кетеді. Біз алуымыз керек» деген сияқты.

Өзім 20 жасқа келдім, көп нәрсе көрдім. Осылай тілім шығып кетеді деп ойламаппын. Ата-анамды тыңдамадым. Өте өкінемін, оларға иттік жасап кеткеніме. Қазір біздің Жезқазғанда көп осындай қыздар, ата-анасын тыңдамайтын. Екінші әйел, үшінші әйел болып шығып кетеді. Ақырында жалғыз қалады.

«Сирияға барып, жыныстық тұрғыда көмек жасасаң, шахид болып кетесің» деп миыма қатты құйды. Ол кезде 15 жастамын», — дейді ол.

[:]