[:kz]
Бүгін Алматыда Қорғаныс министрлігінің Қырғызстандағы Жеңіс шыңында із-түссіз жоғалған қазақстандықтарды іздестіру операциясының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еске сала кетсек, 19 тамызда Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары алматылық альпинистердің Тянь-Шань тауындағы қар астында қалғанын айтқан болатын.
Қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығы мен қажетті жабдықтардың жоқтығынан лагерьге түсе алмаған.
Үшінші альпинист Александр Чечулиннің қайтыс болғаны хабарланды.
Альпинизм федерациясы жоғалғандарды тірі табу мүмкін еместігін жеткізген.
Әскерилер жоғалған альпинистерді іздеп, Жеңіс шыңын 14 рет айнала ұшып өткен.
[:]