АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жоғалып кеткен «Мисс Қызылорда — 2017» Тараздан табылды[:]

[:kz]

 

Алматыда іздеу жарияланған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисті Тараз қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция басқармасы қыздың аман-есен табылғанын хабарлады. 

 

«Анықталғандай, қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпестен, Тараз қаласына кетіп қалған. Қыз жақындарымен байланысқа шықты. Ол аман-есен, жағдайы жақсы», — деп хабарлады полиция департаменті.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде «Қазақстан аруы – 2019» байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Кеше кешкісін Алатау облысының полиция бөліміне қыздың жоғалып кеткені туралы мәлімдеме келіп түсті. Өздеріңіз білетіндей, Гүлнұр Нұртаза — «Мисс Қызылорда-2017» байқауының жеңімпазы болған. Қазір ол Алматы қаласында жұмыс істейді.

[:]