АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды [:]

[:kz]

 

Өткен жылдың желтоқсан айында істі болған Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сенатқа тиісті ұсынысты мемлекет басшысы енгізген. Президенттің ұсынысын Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқыды. «Сіздерге мемлекет басшысының Мейрам Құрмашұлы Жанғұттиновты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Құрметті депутаттар, сіздерді мемлекет басшысының Мейрам Құрмашұлы Жанғұттиновты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты қызметінен босату туралы ұсынысына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз», — деді ол.

Сенат депутаттары аталған ұсынысқа қатысты шешім қабылдап, Мейрам Жанғұттиновты қызметінен босатты.

 

kaz.nur.kz

 

[:]