АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жоқ жерден хайп шығарып отыр»: Шөкеев «Керуен Сарайдың» құрылысы туралы жазған блогердің өзін сынға алды[:]

[:kz]

 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Кереуен Сарай» кешенінің құрылысы туралы жазған блогердің өзін сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Кей кездері осы блогерлердің жазатындарына қатты таңғаламын. Олар кішкентай бала секілді, мәселенің байыбына бармай жатып елді сынауға шебер. Десек те, бұнымен олар өздерінің білімінің таяз екенін көрсетеді. Мен осы жерге күн сайын келетінмін. Кешен темір-бетоннан, арматурадан салынған. Мұнда жер сілкінісі қауіпі төмен болғанына қарамастан, құрылыс материалдары жеткілікті мөлшерде пайдаланылды. Қабырғаларды жабдықтауға әртүрлі материалдар қолданылады. Блогердің пенопласты көріп, бүкіл кешен осыдан тұрғызылған деуі – оның құрылыс саласынан хабар жоқ екенін көрсетеді», – дейді аймақ әкімі. 

 

Әкім кешен құрылысының сапасыздығы туралы жазған блогердің өзін сынға алды.  

«Қазір әлемде барлық зат пластмассадан жасалады. Мына сіздер отырған орындық, қолданып жүрген телефондарыңыз, қалам, микрофон барлығы да пластмасса. Жоқ жерден «хайп» шығарып отыр», – деді Шөкеев.

Еске салсақ, бұған дейін блогер Түркістан қаласында 84 миллион теңгеге салынған кешеннің құрылысын сынға алған еді. Оның айтуынша, жобаның қабырғалары пенопластан жасалған. 

[:]