АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жолбарыс Сейфуллин фонограммамен ән айтатындарға қарсы шықты [:]

[:kz]

Әншілер бұдан былай шығармашылық кештер мен концерттерде әнді фонограммамен айтатын болса, көрерменді алдын ала хабардар етуге міндетті. Ол туралы билет сатылмай тұрып жарнама беретін кезде ескертуі тиіс. Бұл талап «Мәдениет туралы заңда»көрсетілген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Былтыр заң жобасы өзгерістерден соң қабылданып, жыл басынан бастап күшіне енді. Соған сәйкес, мәдениет министрлігі фонограмманы пайдалану туралы көрерменге ақпарат берудің ережесін бекітті.

Әншілер де жаңа талапты қолдайтынын, тіпті оны осыдан 20 жыл бұрын енгізу керек екенін айтты. «Табиғи дауыстың аты табиғи дауыс. Оған ештеңе тең келмейді. Нағыз таланттар өнерге бар ғұмырын арнайды.

Ондай дарындарды біз мақтана айтамыз. Ал фонограмма — көрерменді көпе көрнеу алдау. 90-жылдардағы әншілер болып саналамыз. Біз өмірбақи концерттерімізді жанды дауыста өткізгенбіз. Кейбір жерлерде фонограммамен шығамыз. Ал жанды дауыста өзімізге де ұнайды.

Ол біздің мамандығымыз. Соған дайындаламыз, репетиция жасаймыз. Жанды дауыста айтқан соң әр концертте әр түрлі айтасың, ең қызығы сонда. Сондықтан қорқатын ештеңе жоқ. Біз қуанамыз заңға», — деді  Сейфуллин Жолбарыс.  Енді концертке барардан бұрын көрермендер әншінің жанды дауыспен немесе фонограммамен айтатын алдын ала біліп барады. Ақпарат жарнамада жазылады. Сондай-ақ ол күңгірт бояумен емес, ашық түспен жазылып көрініп тұруы тиіс. Яғни бұл халыққа билет сатып аларда таңдау мүмкіндігін береді.

Бұл билет құнына да әсер етеді. Фонограмма пайдаланатын кештің билеті табиғи дауыспен орындалатын концерттен арзанырақ болуы мүмкін. 

www.oinet.kz

 

[:]