[:kz]
Осы деймін, біздің кезімізде де талай аязды көрдік қой. Бірақ, бәрібір, жолда қатып қалып, мектепке мұз болған сүйегің жетсе де баруың керек болатын. Қазіргілер тіпті, -20 болып еді, шу-шу етіп балаларды сабақтан қалдырып жатыр. Жаңа біреу хабар таратыпты, кешкі сағат бес жарымнан кейін көшеде бала жүрсе — ата-анасына айыппұл салынады екен. Сонда. баланы нанға жұмсамасақ, несіне таптық?
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]