[:kz]
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян президенттік шағын автобуста шет мемлекеттердің басшылары Тоқаев, Путин, Жээнбеков, Рухани и Додонмен бірге селфи жасады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жолдағы селфи. Осы уақыт аралығында маңызды шешімдер қабылдап үлгердік», — деп жазды Армения үкіметінің басшысы Twitter-де.
Суреттен жабдықталған шағын автобустың алдыңғы орнында Пашинян мен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің отырғаны көрінеді. Олардан кейін Молдавия және Иран президенттері Игорь Додон мен Хасан Рухани жайғасқан. Ал артқы орындықтарда Қазақстан мен Ресей басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин отыр.
Еске сала кетсек, 1 қазанда Ереванда Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.
Бұған дейін Пашинян халықаралық іс-шара қатысушыларымен бірге түскен суретін жариялаған еді.
[:]