АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Жолымыз ажырады»: Ерке Есмахан сүйіктісімен айырылысып кеткенін растады [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан ғашығы Азамат Зенкаевпен айырылысып кеткенін хабарлады. Эстрада жұлдызының сөзінше, бұл ортақ шешім емес. Ол қарым-қатынасты өзі тоқтатып тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ерке Есмахан жеке өміріндегі жаңалықтарын өзінің Instagram парақшасында жария еткен.

Өнер иесі сұрақ-жауап барысында AZ-мен екі бөлек кеткендерін растады. «Жолымыз ажырады. Екі бөлек кеттік. Бұл ортақ шешім емес. Бұл менің қалауым болды. Енді алдағы уақытта бір Алланың еншісінде. Тек жақсылық болсын», — деп қысқа қайырды әнші.

Бұл хабарды естіген көпшілік шоу-бизнес жұлдызынан айырылысуының себебін сұрап білмек болды. Алайда, Ерке Есмахан бұл жайында тіс жармайтынын кесіп айтты. «Ол көзге шөп салатын адам емес. Себебін айтпаймын. Сұрамаңыздар», — деп жауап берді ол.

kaz.nur.kz/

 

[:]